Дональд Трамп БРИКС-ке мүше мемлекеттерге жаңа валюта құрған немесе доллардан бас тартқан жағдайда 100% баж салығын енгіземіз деп қорқытты, деп хабарлайды alataunews.kz.
«БРИКС елдері доллардан бас тартуға тырысады деген идеяның соңы келді. Біз бұл елдерден жаңа БРИКС валютасын құрмайтындығы және құдыретті АҚШ долларын алмастыру үшін басқа валютаны қолдамайтындығы туралы міндеттеме талап етеміз, әйтпесе олар 100 пайыздық бажға тап болады және мықты америкалық экономиканы сату идеясымен қоштасуы керек», — деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде.
БРИКС – мемлекетаралық бірлестік, 5 мемлекеттің одағы: Бразилия, Ресей Федерациясы, Үндістан, ҚХР, Оңтүстік Африка. 2023 жылдың 24 тамызында бірлестікке Иран, БАӘ, Египет, Эфиопия және Сауд Арабиясы кірді.