Фицоға тапаншадан бірнеше рет оқ атқан 71 жастағы жазушы Юрай Цинтула оқиға орнында ұсталды. Aktuality.sk сайтының хабарлауынша, оқ атқан адамның тапаншаны ұстауға рұқсаты болған. Шабуылдан кейін полиция оны ұстады. Фицоға ауруханада ота жасалып жатыр.
Словакияның сайланған президенті Питер Пеллегрини Фицоға жасалған қастандыққа байланысты шетел сапарын үзіп, отанына оралды.