Мәскеу мүфтиі және РМДБ төрағасының орынбасары Ильдар Аляутдинов мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Айтуынша, бұл пәтуаны Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының теологтар кеңесі мақұлдаған.
Шешімге сәйкес, егер ер адамның жұбайы денсаулығына байланысты немесе басқа объективті себептермен бала көтере алмаса, бірнеше әйелмен некеге тұруға рұқсат етіледі. Алайда ер адам барлық әйелдеріне әділ және тең қарауға міндетті. Ол олардың әрқайсысына жеке тұрғын үй беріп, материалдық жағынан қамтамасыз етуі және уақытын тең бөлуі тиіс.
Сондай-ақ, ер адам жаңа некеге тұру ниетін бірінші жұбайына хабарлауы керек. Егер әйел келісім бермесе, некені бұзуды талап етуге құқығы бар.
Мүфтияттың айтуынша, бұл пәтуа ерлі-зайыптылардың діни некедегі құқықтарын нақтылайды, бірақ Ресейдің отбасы құқығының нормаларын алмастырмайды. Әрі тек шариғат бойынша қиылған некелердегі әйелдердің құқықтарын қорғау қажеттілігі атап өтілді.