Ресей Федерациясының ІІМ мәліметінше, қылмыстық иерархияда жоғары лауазымға ие болғаны үшін айыпталған Степан Фурманды Қазақстан-Ресей шекарасында Самара облысының қылмыстық іздестіру қызметкерлеріне қазақстандық әріптестері ұстап берді. Ол жасырынуға тырыспақ болған кезде ұсталды.
Айта кетейік, 2024 жылдың 20 мамырында жалпы юрисдикцияның екінші апелляциялық сотының (Санкт-Петербург) сот алқасының отырысы өткен болатын. Онда сотталушыға қатысты қылмыстық істі соттың басқа құрамымен Жаңа сот талқылауына беру туралы шешім қабылданды. Алайда, 19 мамырда Фурман Ресей Федерациясының аумағынан қашып кетті.
РФ ІІМ мәліметінше, Степан Фурманға қатысты қылмыстық іс 2019 жылы қозғалды. Бұған дейін, әртүрлі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған қылмыс әлемінің авторитетіне Интерпол каналдары арқылы халықаралық іздеу жарияланды. 2021 жылы айыпталушы Португалия аумағында ұсталып, 2022 жылы Ресейге экстрадицияланды.
Фото: 1sn.ru