«Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады», — делінген Ақорда мәліметінде.