Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдап, Қытайдың 75 жылдық мерейтойына орай қытай халқын өз атынан және қазақстандықтар атынан құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жеделхатта мемлекет басшысы Қытайдың ел бірлігі мен тұтастығының нышаны саналатын бұл тарихи күннің маңыздылығын атап өтіп, Қытайдың жаһандық даму, тұрақтылық пен қауіпсіздік саласындағы жетекші рөлін ерекше атап көрсетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік қарқынды дамып келе жатқанын және екі елдің достық пен тату көршілік қарым-қатынасының одан әрі нығаятынына сенім білдірді. Сонымен қатар, Си Цзиньпинге жауапты қызметінде табыс, ал Қытай халқына бақ-береке тіледі.