Министрлік соңғы әскери іс-қимылдар халықаралық жағдайды күрделендіріп, аймақтық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіріп отырғанын атап өтті. Қазақстан бұл оқиғалар Каспий маңы елдерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін ескертті.
«Қазақстан Иранмен түрлі салада тығыз ынтымақтастық орнатқан мемлекет ретінде, кез келген қайшылық бейбіт жолмен, БҰҰ Жарғысына сай шешілуі тиіс деп санайды», — делінген ресми мәлімдемеде.
АҚШ-тың Ирандағы ядролық инфрақұрылымға соққы жасауы – жаңа геосаяси дағдарыстың бастамасы болуы ықтимал.
Қазақстан ядролық қарудан азат әлем құндылықтарын қолдап, бейтараптық ұстанымды сақтауға шақырып келеді.
Каспий өңірінің елдері үшін бұл оқиғалар тікелей қауіп төндіруі мүмкін.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың әрекетін жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қатер деп бағалады.
Иран Сыртқы істер министрлігі соққының салдары ауыр болатынын мәлімдеп, ядролық бағдарламаны жалғастыра беретінін айтты.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху шабуылды қолдап, Дональд Трампқа алғысын білдірді.
Йемендегі «Ансар Алла» қозғалысы Иранға қолдау көрсетіп, АҚШ-тың әрекетін қатаң сынға алды.
АҚШ Конгресінің мүшесі Александрия Окасио-Кортес бұл шабуылды импичментке негіз бола алатын қадам деп атады.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Иранның Фордо, Натанз және Исфахан қалаларындағы ядролық нысандарына әуе шабуылын жасалғанын ресми түрде мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Трамп әкімшілігі Иран тарапынан жауапты әрекеттерге дайындық жүргізуде. Ал халықаралық қауымдастық қақтығыстың одан әрі ушығуын болдырмау жолдарын іздеуде.






