Келіссөздер Қазақстанда Apple компаниясының ресми кеңсесін ашуға қатысты.
«Цифрлық даму министрлігі Apple компаниясымен Қазақстанда ресми өкілдік (компанияның – еск.) ашу туралы келіссөз жүргізіп жатыр», — делінген ресми сауалға берген жауапта.
Елімізде Apple кеңсесін ашу мәселесі Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен кейін туындаған болатын. Сол кезде iPhone қолданушылары хабарлама алмаған.