Комитеттің мәліметінше, ҚХР-да «Айдаhар қайықтары» мерекесін тойлауға байланысты 2024 жылғы 10 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылар және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілер енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы ескертіледі.