Ұшақта 181 адам (6 экипаж мүшесі) болғаны айтылды. Апаттан 2 адам (1 жолаушы және 1 экипаж мүшесі) ғана аман қалған.
Апатқа ұшақтың қону кезінде құстармен соғылуы және соның салдарынан ұшақ доңғалақтарының ашылмай қалуы себеп болуы мүмкін.
Оқиға таңғы сағат 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07) Сеулден шамамен 288 шақырым жерде, Оңтүстік Чолла провинциясындағы Муан халықаралық әуежайына қонған кезде болған.