Оңтүстік Кореяда президент Юн Сок Ельдің көмекшілері, оның ішінде штаб бастығы Чон Джин Сок, ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Син Вон Сик, саясат жөніндегі басшы Сон Тэ Юн және тағы жеті жоғары лауазымды тұлға отставкаға кетті, деп хабарлайды alataunews.kz Yonhap News агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл отставка президент Юн Сок Ельдің сейсенбі күні кешке төтенше әскери жағдай жариялауымен және оппозицияны импичмент пен қысқартылған бюджеттік заң жобасы арқылы ел тұрақтылығын бұзуға тырысып жатқан «мемлекетке қарсы күштер» деп айыптауымен байланысты болды.