Шетелдік басылымдардың мәліметінше, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль мәлімдеме жасап, бұл шараның мақсаты КХДР-ді жақтаушыларды жою және елдегі конституциялық тәртіпті қорғау екенін айтқан, деп хабарлайды alataunews.kz.
«Біз антимемлекеттік күштерді мүмкіндігінше тез басып, жағдайды қалыпқа келтіреміз – елде әскери жағдай жарияланды. Мұның кейбір қолайсыздықтар тудыруы мүмкін екенін түсінеміз. Алайда бұл шаралар Оңтүстік Кореяның қауіпсіздігін сақтау үшін қажет», – деп толықтырды ол.
Бұл шешімнен кейін Сыртқы істер министрлігі мен Қаржы министрлігінің басшылары шұғыл жиналыс өткізді.
Хабарға қарағанда, шешім оппозициялық Демократиялық партияның парламенттегі бюджет комитетінде бюджетті қысқарту туралы заң жобасын мақұлдап, мемлекеттік аудит және бас прокурорға импичмент жариялау туралы өтініштер бергеннен кейін қабылданған.