Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу түбіндегі Одинцовск ауданы Усово ауылында орналасқан сарайда Путинмен кездесті, деп хабарлайды alataunews.kz.
Ресей президентінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Ново-Огаревода Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өткен.
Сондай-ақ осы кездесуден түсірілген фото жарияланды.
Кездесу туралы басқа мәліметтер жарияланған ақпаратта көрсетілмеген.






