Ресейлік Mash Telegram-арнасы мәліметінше, күдіктілердің сыбайластары болуы мүмкін адамдар ұсталған. Олар террористерге көмек, байланыс, логистика жұмыстарын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
«Олар — Аминчон, Диловар және Исроил Исломовтар (әкесі мен екі ағайынды)», — деп жазылған арна мәліметінде.
Кейінірек осы үш күдікті Басман сотына жеткізілді.
«Диловар Исломов 1 ай 29 күнге қамауға алынды. Ол 22 мамырға дейін тергеу изоляторында болады», — деп жазды арна.
Деректерге сүйенсек, бұған дейін ұсталған террористердің бірі Шамсидин Фаридуни 2024 жылы наурыздың басында Аминчон мен Диловар Исломовтарды шабуыл ұйымдастыруға тартқан.
«Олар көлік пен логистикаға жауапты болды. Диловар арқылы шабуылдаушылар ақ түсті Renault Symbol сатып алды. Олар шабуылдан кейін Брянск облысында қуғын-сүргіннен жасырынуға тырысты», — деп жазылған деректе.
Ал тағы бір күдікті 64 жастағы Исроил Исломов 22 мамырға дейін қамауға алынды. Үшінші күдікті, 33 жастағы Аминчон Исломов та 22 мамырға дейін тергеу изоляторында болады. Ол жүргізуші болып жұмыс істегені және ағасымен бірге Ресей азаматтығын алғаны белгілі.
Ұсталғандардың ешқайсы кінәні мойындамаған.