Тағы 34 адам жарақаттанды. Содырлар бір уақытта Махачкала мен Дербентке шабуыл жасаған.
Дербентте белгісіз біреулер діни нысандарға шабуыл жасаған. Кейін Махачкала қаласында да лаңкестер синагоганы өртеп, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған.
Ұлттық лаңкестікке қарсы комитет Махачкала мен Дербенттегі шабуылдарға байланысты Дағыстанда терроризмге қарсы операция режимі енгізілгенін хабарлады.
Ресейдің тергеу комитеті республикадағы қарулы шабуылдар фактісі бойынша, Қылмыстық кодекстің 205-бабы «Террорлық акт» бойынша қылмыстық іс қозғады.
Шабуыл жасаушылардың әрекеті, олардың айғайы және түріне қарағанда, лаңкестер исламдық террористік ұйымға жатады.