Махмұд Сабырхан мен Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жектерін өткізсе, Милад Карими Олимпиада алтыны үшін таласып көрмек.
31 шілдеге арналға жарыс кестесі:
Триатлон, әйелдер. Финал
- Екатерина Шабалина
- Басталуы: 11.00
Нысана көздеу, ерлер (винтовка, 50 метр). Іріктеу
- Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский
- Басталуы: 12.00
Стенд ату, әйелдер (трап). Екінші іріктеу
- Мария Дмитриенко
- Басталуы: 12.00
Бокс, 57 кг дейін (ерлер). 1/8 финал
- Махмұд Сабырхан — Хосе Кильес (Испания)
- Басталуы: 14.16
Үстел теннисі, ерлер. 1/8 финал
- Кирилл Герасименко — Омар Ассар (Египет)
- Басталуы: 18.00
Стенд ату, әйелдер (трап). Финал
- Мария Дмитриенко (егер екінші іріктеуден сәтті өткен жағдайда)
- Басталуы: 18.30
Спорттық гимнастика, жекелей көпсайыс (ерлер). Финал
- Милад Карими
- Басталуы: 20.30
Бокс, 75 кг дейін (әйелдер). 1/8 финал
- Валентина Хальзова — Атейна Байлон (Панама)
- Басталуы: 00.36