«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Калифорния штатында болып жатқан орман өрттеріне байланысты жағдайды мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді.
Қазіргі таңда Калифорния штатында 73 стипендиат білім алып жатыр, оның ішінде 56-сы — «Болашақ» бағдарламасының, ал 17-сі — ғылыми тағылымдама бағдарламасының стипендиаттары. Барлығы аман-есен, кураторлармен байланыста.
«Стипендиаттар жергілікті билік органдарының ұсыныстарын орындап, жағдай туралы бізге жедел түрде хабарлап отырады. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске жылдам әрекет етуге дайынбыз», — деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі.
Орталық барлық стипендиатқа қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертті.
Қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде Сан-Францискодағы Қазақстан Республикасының Консулдығына хабарласа алады:
Мекенжай: 456 Montgomery St., Suite 950 & GC-5, San Francisco, CA, 94104.
Байланыс телефондары: +1(650) 741-8894.
Электрондық пошта: sanfrancisco@mfa.kz.