Республикалық партия жеңіске жету үшін қажетті 270 сайлаушының 162 дауысын жеңіп алды, деп хабарлайды Alataunews.kz.
Бұрынғы президенттің қарсыласы Камала Харрис әлі қажетті дауыс санының жартысына да жеткен жоқ.
АҚШ-тағы президент сайлау жүйесінің ерекшелігі – қатардағы сайлаушылардың ең көп дауысын алған адам жеңбейді. Кім жеңетінін 538 мүшесі бар сайлаушылар алқасы анықтайды. Олар әр штатқа Конгрестегі өкілдері санына қарай үлестірілген. Штат саны жетеу.
Қазіргі уақытта, Трамп олардың үшеуінде көш бастап тұр — Висконсин, Джорджия, Солтүстік Каролина. Харрис екеуінде көш бастады — Мичиган мен Пенсильвания. Екі негізгі штаттағы — Аризона мен Невададағы дауыстар әлі саналған жоқ.
Небраска мен Мэннен өзге штаттардың бәрінде штатта кім жеңіске жетеді, сайлаушылар алқасының сол штаттағы мүшелерінің даусы түгел сол кандидатқа беріледі.
Сайлаушылар алқасының кемі 270 дауысына ие болған кандидат жеңіске жетеді. Бұл межеге ешкім жетпесе, 2025 жылы қаңтарда президентті Конгрестің жаңа сайланған өкілдер палатасы таңдайды.