2 мамырда Президент Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегат, Қазақстан-Франция Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештті қабылдайды.
«Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр қараша айында Францияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.
3 мамырда Мемлекет басшысы ФИФА президенті Джанни Инфантиноны қабылдайды.
3-4 мамырда Астанаға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мемлекеттік сапармен келеді. Екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды.
5 мамырда Президент – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бүкілармиялық кеңес өтеді. Жиын барысында әскери саланы дамытуға және әскер дайындығына, сондай-ақ Қазақстан армиясын технологиялық тұрғыда жаңғыртуға қатысты мәселелер қарастырылады.