Форум ашылуы 14 желтоқсанда Алматы қаласында Сейфуллин даңғылы 506/99, «Rixos Almaty» қонақ үйінде болады.
Өңірлік форумның ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлейді. Сондай-ақ, аталған жиынға өндіріс, туризм, фармацевтика, теңіз өнеркәсібі, девелопмент, энергетика салаларындағы қазақстандық бизнес өкілдері қатысады.
Іс-шара Алматы облысының 10 ауданының (IT-жобалар, туризм бойынша жобалар, Start-up жобалар) тұсаукесер көрмесін тамашалаудан басталады.
Бұдан әрі бағдарламаны облыста жұмыс істейтін министрліктер, даму институттары, кәсіпкерлер палатасы, қазақстандық инвесторлар өкілдері жалғастырады.
Одан кейін бірқатар инвесторлар Алматы облысында жұмыс істеп тұрған ірі жобаларын көрсетеді.
Соңында Алматы облысы әкімі форум қорытындысы бойынша бірқатар ірі компаниялармен меморандумдарға қол қояды.
Форум аяқталғаннан кейін бірқатар B2B кездесулер жоспарланған.