Жарыс бірнеше спорт түрі бойынша өтеді:
1) 10 кг найзаны оң немесе сол қолмен нысанаға қадау;
2) Ұзындығы 1,5 метр темірді желкесіне қойып, қолдың көмегімен майыстыру;
3) Салмағы 141 кг тасты көтеріп, қашықтыққа жүру;
4) Салмағы 100 кг бөренені иыққа салып, отырып-тұру;
5) Қосымша 500 кг құммен толтырылған арбаны құмды жерде қашықтыққа сүйреу.
Еліміздің салт-дәстүрін насихаттап, этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өтетін додада алыптар мен толағайлар өз бақтарын сынайды.