Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Маңғыстау облысында отандық әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырағанына байланысты 26 желтоқсанды аза тұту күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.
Осыған орай, бүгін елде Аза тұту күні жарияланды. Бакудегі Мемлекеттік алаң мен басқа да ресми орындарда тулар түсірілді.