Мемлекет басшылары бір-біріне, сондай-ақ ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
«Президент Ильхам Әлиев, ең алдымен, Қазақстан Президентіне құтқару жұмыстарын жүргізгені үшін алғысын білдірді. Әзербайжан мемлекетінің басшысы қажетті шараларды дер кезінде қабылдап, зардап шеккендерді құтқаруға белсене атсалысқан қазақстандық құтқарушылардың жұмысын жоғары бағалады», — делінген хабарламада.
Әзербайжан президенті сондай-ақ Қазақстанның медицина қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлығы мен кәсіби медициналық көмегі үшін ризашылығын білдіріп, зардап шеккендердің көпшілігі отанына оралғанын, алайда кейбір Әзербайжан азаматтары әлі де Қазақстанда емделіп жатқанын атап өтті.