Медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 2 көліктен тұратын жылжымалы кешен томосинтез функциясы бар сандық маммографиялық жабдықпен, сарапшылық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйемен және жоғары деңгейде зерттейтін компьютерлік томографпен жабдықталған. Кешенді «QH Денсаулық жолы» жобасы аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры табыстаған болатын.
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың дәрігерлері аталған қор басшысы Болат Жәмішевке, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевке және Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры, еліміздің штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдароваға алғысын білдіреді.
Естеріңізге сала кетсек, Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың мамандары 3 және 4 қараша күндері жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен Кеген ауданының 200-ге жуық тұрғынын тексеруден өткізді.