Бүгін Қонаев қаласында ұйымдастырылған тазалық науқанына облыс және қала әкімдігінің мамандары, БАҚ өкілдері, жаңа сайланған депутаттар, жастар және еріктілер қатысты.
«Мұндай науқандарға мұғалімдер қатыспайды. Себебі, қолданыстағы ҚР Заңына сәйкес ұстаздарды басқа жұмысқа тартуға тыйым салынған. Сенбіліктерді көптеп ұйымдастырудағы басты мақсат — өңіріміздің тазалығын қалпына келтіру әрі мемлекеттік қызметкерлер лауазымына қарамастан, өзгелерге үлгі болуы қажет деп санаймыз», — деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Сонымен қатар ол жыл соңына дейін 109 мың ағаш егу жоспарланып отырғанын айтты. Бұл жұмыстар сәуір айының аяғына дейін және күзгі маусымдарда жасалады.
Сенбілік Алматы облысының орталығында ғана емес, барлық аудандарда өтіп жатыр.