«Өздеріңіз білесіздер жаңадан құрылған Жетісу облысында көліктің мемлекеттік тіркеу номері 19-шы болып белгіленді. Жаңа аймақтың белгісін, яғни 1700 аса адам көліктің жаңа тіркеу нөмерін алып үлгерді. Олардың қатары әлі де көп. Қазір жоғары сұранысқа ие VIP номерге 98 адам тапсырыс берді. Бұдан бөлек 45 адам мұндай номерді алып үлгерді. Жалпы 001, 009, 100, 999, О10, 090,707, 777 сандарына көп тапсырыс беріледі», — деді Талдықорған қаласындағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының жетекшісі Советбек Болатханов.
Советбек Жылқыбекұлының сөзінше, көліктің VIP номерінің ең арзаны, мысалы 077 бағасы 174 591 теңге болса, орташа бағадағы 111 нөмері 419 631 теңге, ал ең қымбаты демек 007 номері 698 364 теңге тұрады.
Айта кетейік, қайта құрылған Жетісу облысында көліктің мемлекеттік тіркеу номері 21 қыркүйектен бастап беріле бастады. Алғашқы номерді 35 жастағы Біржан Жаңғабылов алды. Оның автокөлігінің номері 019 ААВ 19.