Қарасай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді, оның нәтижесі бойынша ЖҚЕ бұзған 2001 жылғы «А» есімді азаматша бейне авторы анықталып, ұсталды.
«Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 591-бабы 2-бөлігі, 230-бабы 2-бөлігі тәртібінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік хаттамалар толтырылды», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
«TOYOTA Prado» маркалы автокөлік арнайы айып тұрағына қойылған.