Жақын күндері жойқын жер сілкінісі болмайды. Ықтималдық — 70%.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайын бағалауға сәйкес, Төтенше жағдайлар комиссиясы жақын күндері Алматы аумағында 70 пайыздық ықтималдықпен жойқын жер сілкінісі күтілмейді деген қорытындыға келді. Бірақ елеулі қауіп төндірмейтін афтер дүмпулер болуы мүмкін.
Еске салсақ, бүгін 4 наурызда сағат 11:22-де Алматыда 5 балдық күшті жер сілкінісі болды.