Ауа райының қолайсыздығына байланысты Талдықорғаннан шығыс бағытта дизель отынын пайдаланатын автокөлік құралдары үшін қозғалыс шектелген.
Бұдан әрі 410-шы шақырымға дейін көлік қозғалысы барлық автокөлік түрлері үшін жабық.
«Сондай-ақ температураның төмендеуі және екпінді жел Алакөл ауданы арқылы Абай облысына қарай өтетін учаскедегі автомобильдердің қозғалысын шектеуге мәжбүр етті», — дейді Жетiсу облысы Полиция департаменті Жол полициясы басқармасының бастығы Қайсар Мұхметов.