26 ақпанға қараған түні Ақсу ауданында көкпар ойнап жүрген шабандоздардың видеосы түсірілген. Полицейлер көкпарды ұйымдастырушыны тапты. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартылады.
Сондай-ақ, көкпардың 10 қатысушысы анықталып, полицияға жеткізілді, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 614-бабы бойынша хаттамалар толтырылды (көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасау).
Полиция аймақ тұрғындарын заңнаманың талаптарын сақтауға және ойынды ұйымдастыруда жергілікті атқарушы органмен оның өткізілетін орнын қатаң бақылау үшін міндетті түрде келісуге шақырады.