Дерек Кербұлақ ауданында тіркелді. 13 қараша күні Желдіқара ауылының 52 жастағы тұрғыны 14 бас қой ұрланғаны туралы арызбен полиция бөліміне жүгінді. Ер адам өз айғақтарында белгісіз біреулер түнде қойларды жабық қорадан ұрлап кеткенін айтты.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында біздің қызметкерлер мал басын сату орындарын тексерді. Нәтижесінде ұрланған отардың бір бөлігі көрші аудандағы мал базарынан табылды. Сол жерде 23-20 жастағы екі күдікті полиция бөліміне айғақ беру үшін жеткізілді», – деді Кербұлақ АПБ бастығы Ербол Ахметқалиев.
Полиция қызметкерлері осы уақытқа дейін іздестірілген алты қойды жәбірленушіге қайтара алды (қалғандарын күдіктілер төмен бағамен сатып үлгерген). Мал ұрлаушылардың бірі қамауға алынды, екіншісіне келуге міндетті процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.