«Бұл өңірдің транзиттік әлеуеті өте зор. Сондықтан, мұнда халықаралық көлік-логистика компанияларын тарту аса маңызды. Сол үшін «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Оған құрғақ порт, логистикалық және индустриялық аймақтар кіреді. Бұл жерде 2026 жылдың соңына дейін 22 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Оның жалпы құны – 450 миллиард теңге шамасында. Дегенмен, жүкті түсіріп, қайта тиеуге арналған орындар және оны сақтайтын қоймалар салу қажет. Осы бағытта жаңа, заманауи жобаларды қолға алған жөн», – деді Президент.
Оның айтуынша, өңірдің бұл әлеуетін толық пайдалану үшін көлік инфрақұрылымын дамыту қажет.
Ең лдымен апатты жағдайда тұрған 15 көпірді жақын арада ретке келтіру керек.
Жолдарды күтіп ұстау және жөндеу мәселесі құзырлы мемлекеттік органдардың айрықша бақылауында болуға тиіс.
«Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» және «Үшарал – Достық» тас жолдары салынып жатыр. Осы жылдың соңына дейін жолдың асфальтты қабатын салып бітіру қажет. Құзырлы органдарға жұмыс барысын қатаң бақылауға алып, келесі жылы толық пайдалануға беруді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.