Дәмханалардың бірінде жастардан құралған екі топ бір-бірімен ерегесіп, аяғында төбелес жұдырықпен аяқталғаны белгілі болды, деп хабарлайды alataunews.kz ақпарат агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Төбелеске қатысқан жеті адамның барлығы да анықталды, олар Балпық би ауданы орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы ұсталып, міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді.
ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары басталды.