ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті бақылау-есеп маркасы жоқ акцизделетін өнімдерді (темекі) тасымалдады деген күдікпен бір азаматқа қатысты қозғалған істі тергеп жатыр.
«Жүк көлігін тексеру барысында жалпы құны 7 млн теңгеден асатын тіркеу және бақылау белгісі жоқ темекі салынған 10 мыңнан аса қорап тәркіленді. Қазір темекінің қайда жасалғаны анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», — деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.