Ведомство салық қызметкерлері 1000-нан астам кәсіпкердің қарызын өндіруді заңсыз жолмен жеделдетуге әрекеттенгенін атап өтті.
«Салық қызметкерлері шығарған ұйғарымдардың негізінде сот орындаушылары кәсіпкерлердің есепшотына шектеулер енгізіп, бұғаттаған. Қадағалау органының актісіне сәйкес анықталған заңсыз ұйғарымдардың күші жойылды», — деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Сот орындаушылардың қарауына субъектілерді заңсыз тартудың 1000-нан астам фактісі жойылды.
Салық кодексіне сәйкес мұндай ұйғарымдар тек жеке тұлғаларға берілуге тиіс.
Заңды тұлға саналатын азаматтар бұл тізімге кірмейді.