«12 қазан 06:00-ден бастап асфальт төсеу жұмыстарына байланысты «Сарыөзек — Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (45-68 шақырым) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық», — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалынан.
Осыған байланысты Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілерінен аталған бағытта жол жүрмей, бағдарын алдын ала өзгертуді, сондай-ақ 112 жіберетін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Айта кетейік, Жетісу облысында Көктұма елдімекенінен Жалаңашкөл көліне дейінгі республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» автожолының кезекті учаскесі пайдалануға берілді.
Реконструкция аясында күре жол III техникалық санаттан II санатқа ауыстырылды.
Бұл жолдың өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік бермек.