«Заңнамада медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін тегін алу, оның ішінде кәмелетке толмағандардың жыл сайынғы «Скринингтен» өту құқығы бекітілген. Бірақ, облыстың медициналық ұйымдары 6 мыңнан астам кәмелетке толмаған оқушыны міндетті медициналық тексерумен қамтыған жоқ. Осы жайтқа прокуратураның ден кою актісінің нәтижелері бойынша барлық кәмелетке толмағандар профилактикалық тексеруден өтті», — делінген Жетісу облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жыл басынан бері облыс прокуратурасы 10 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғады.