Олар 18-19 жастағы екі жас жігіт. Күдіктілердің бірі марихуана сату кезінде қолға түсті. Екіншісінен 1 келіден астам наша табылып, тәркіленген.
«Қазір екеуіне де қатысты есірткі заттарын сату, сондай-ақ аса ірі көлемде заңсыз сақтау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, УҰИ-ға қамалды», — деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.