«Бүгін, 12 тамызда Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесінің аула аумағын су басып, еңіс ағыны орын алды», — деп мәлімдеді ТЖМ-нан.
Оқиға орнында облыстық ТЖД күштері жұмылдырылған.
Су басқан аумақтардың тұрғындарын ішінара эвакуациялау жүргізілуде. Бұл жерге Талдықорған қаласынан қосымша күштер жіберілді.
Зардап шеккендер жоқ.