«Жетісу облысы Кербұлақ ауданында білім бөлімінің есепшілері 34 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Олар қаржыны мұғалімдер жалақысы мен демалыс төлемақысын заңсыз көтеру есебінен және аталған ұйымда мүлдем жұмыс істемейтін адамдар арқылы алып келген», — деп атап өтті Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Аймақ прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап кетті. Бап бойынша күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым салудан бастап, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған