Тарихи сәтте ең бірінші болып көлігіне жаңа мемлекеттік нөмір алған Біржан Жаңғабылов.
«Жетісу облысы елімізде 19-шы өңір болып тіркелді. Соған сәйкес автокөлігіме 019 ААV 19 номерін алдым. 35 жастамын. Талдықорған қаласының тұрғынымын. Осындай тарихи сәттің куәсі болғаныма қуаныштымын», — дейді Біржан Жаңғабылов.
Жетісу облысында жаңа нөмірлерді тіркеу 21 қыркүйектен басталды.
«Жалпы Жетісу облысына 19-шы аймақ бойынша 500-ге жуық көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі келді. 21 қыркүйектен бастап оны тіркеп, бере бастадық. Сондай-ақ бұған дейін Алматы облысының 05 мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген Жетісу облысының тұрғындары көлігінің тіркеуін ауыстырғанға дейін ескі нөмірмен жүре береді», — дейді Талдықорған қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы бөлім басшысының міндетін атқарушы Болат Айманбетов.