«Тамыз айының басында Ескелді ауданының полиция бөліміне үйден шығып кетіп, оралмаған 22 жастағы қыздың жақындары хабарласты. Оқиға Бақтыбай ауылында болған. Жақында көші-қон қызметінің мамандары іздеушілермен бірлесіп, қыздың жүрген жерін анықтаған. Қыз көршілес Алматы облысының аудандарының бірінен табылды», — делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Департамент ақпаратына сәйкес, қазір қыз бала ата-анасына оралды. Оның неліктен үйінен кетіп, байланысқа шықпағаны белгісіз.