Сейсмологтар түнде Жетісу өңірінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Жер сілкінісін ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 5 қарашада Астана уақыты бойынша 22:58-де тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 388 шақырым жерде орналасқан», — делінген хабарламада.
Басқа аумақтарда жерасты дүмпулері сезілмегені атап өтілді.