Мәлімет бойынша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстық прокуратураның үйлестіруімен облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 49 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.
Сондай-ақ, күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шараларын жүргізу кезінде құқық қорғау органдары есірткі заттарының едәуір мөлшері алынып, өсірілген қарасора бұталары тәркіленген.
«Сараптама қорытындысына сәйкес, кептірілген марихуананың жалпы салмағы 3 келі, кептірілмегені — бір келіден асады. Белгілі болғандай, ұсталған адам радикалды діни идеологияның жақтаушысы болып табылады. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды, тергеу әрекеттері жалғасуда», — делінген хабарламада.