Алакөл көлі жағалауында ересектердің қарауынсыз қалған 2017, 2018 жылы туған екі бала демалыс аймағының аумағынан өз бетінше шығып, адасып кетті.
Іздестіру операциясы барысында балаларды демалыс орнынан 1,5 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауында тапты. Құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды. Олар медициналық көмекке мұқтаж емес еді.
«ТЖМ ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды, өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!», — деп хабарлады министрлік.