Жалпы өңірдегі денешынықтыру және спорт саласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетіне қосымша 1 млрд. теңге бөлінбек. Оның ішінде:
— мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру қызметтерін төлеуге – 782 млн теңге;
— «Жетісу» футбол клубына — 105 млн. теңге;
— «Жігер» Олимпиада ойындары бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне спорттық іс-шараларын өткізуге – 48,9 млн. теңге;
— ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясын ұстауға және ағымдағы шығыстарына — 35,3 млн. теңге;
— «Хан тәңірі – 2022» жыл қорытындысы бойынша спортшыларға ақшалай сыйақыға — 30 млн. теңге;
— тарифтеу қорытындысы бойынша спорт мекемелерінің жалақысын төлеуге – 6,7 млн. теңге.