Үкімет басшысының сөзінше, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш жылу электр орталығын салу жобаларын іске асыру басталды. Олар 2032 жылға дейін кезең-кезеңмен іске қосылады.
«Биыл 166 Мегаватт бу және гидрогенерация, сондай-ақ Жаңартылатын энергия көздері бойынша 10 нысанда 450 МВт қуат пайдалануға беріледі. Жел энергиясы станцияларының негізгі компоненттерін шығаратын зауыт құрылысы басталды. Батыс Қазақстанның электр желілерін бірыңғай энергия жүйесіне қосу бойынша жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада Алматы облысында бірінші атом электр станциясын салу бойынша тиісті келісімдерге қол қоямыз. Сондай-ақ екінші және үшінші атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын», — деді Олжас Бектенов.