Ведомство мәліметінше, 17 мыңнан астам шақырту жеделділіктің 1 — 3-санатына тиесілі, 4-санат бойынша жедел жәрдем бригадалары 10 мыңнан астам рет шақыртуға шыққан.
Биылғы 11 айда Қазақстандағы жедел медициналық жәрдем (ЖМЖ) бригадалары 7, 7 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті, оның ішінде 1-3-санат — 4,9 млн. шақыртуға және 4-санаттағы 2,8 млн. шақыртуға емханалардың жанындағы бригадалар қызмет көрсетті.
Өткен жылмен салыстырғанда шақыртулар санының артуына қарамастан, табысты реанимацияның негізгі көрсеткіші 7,1%-ға артып, барлық жағдайлардың 51,7%-на жетті.
Жедел медициналық жәрдем мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің (ТМККК) шеңберінде көрсетіледі, азаматтар үшін әлі де тегін және тәулік бойы, аптасына жеті күн қолжетімді болып қалады.
Қазіргі уақытта ел бойынша жедел медициналық жәрдем қызметін 20 дербес станция, 98 қалалық кіші станция және 232 аудандық бөлімше ұсынады.
«Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, МСАК ұйымдарының (емхана) жанындағы жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін 446 бригада жұмыс істейді», — делінген хабарламада.