Жамбыл облыстық перинаталдық орталықтың мәліметінше, әйел алдамшы толғаққа байланысты бақылауда болған және қажетті ем-дом шараларын қабылдап жатқан. Ауруханада жатқан уақытта оның ешқандай психологиялық ауытқуы байқалмаған.
Қайғылы жағдайға байланысты полиция департаменті тергеу шараларын бастады.
«Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу шаралары ҚР ҚК 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша жүргізіледі», — делінген полиция хабарламасында.
Әйелдің үш баласы және күйеуі бар, үлкені алты жаста, қалған екеуі балабақшаға барады екен.