Ол ең алдымен Сүйінбай Аронұлының кесенесіне барып зиярат етіп, сосын әдеби-мемориалды музейіне бас сұқты. Мұражай осыдан 27 жыл бұрын ашылған.
Ғимараттың көлемі – 479,2 шаршы метр. Музейлік маңызы бар материалдар саны – 900, оның ішінде 420-і негізгі қорды құрайды.
«Музей ақын мұрасының өшпес құндылықтарын сақтап, жастар арасында «Сүйінбай» жыраулық мектебін қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді», — дейді меңгеруші Аяужан Садуакасова.
Мұражай, ғылыми-зерттеу және жинау, ғылыми-қор, экспозициялық, ағартушылық сынды бес бағыт бойынша қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, нысанға 2015 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Бүгінде жаңа экспонаттармен толықтырылып, келушілер саны көбейген.